«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Заң және тәртіп» айлығының жоспарына сәйкес колледжде кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттер «Дроппер деген кім?» тақырыбында эссе жазып, қаржылық алаяқтықтың алдын алу, заңсыз әрекеттердің салдары және жеке жауапкершілік мәселелері жөнінде өз ойлары жазылды.
Кураторлық сағаттың мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтық әрекеттерге тартылудың қауіптілігін түсіндіру, заң талаптарын сақтауға және адал азамат болуға тәрбиелеу. Студенттер дроппер ұғымының мәнін ашып, оның заң алдындағы жауапкершілігін, сондай-ақ мұндай әрекеттердің қоғамға тигізер зиянын атап өтті.
Іс-шара барысында студенттердің тақырыпқа деген қызығушылығы жоғары болып, олар өз пікірлерін еркін білдірді. Мұндай тәрбиелік жұмыстар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауға ықпал етеді.

