«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығының жоспарына сәйкес колледжде «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында интерактивті ойын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту.
